Басты бет Жаңалықтар Астана–Ақтау бағытындағы ұшақтан өрт шықты

Астана–Ақтау бағытындағы ұшақтан өрт шықты

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Астана–Ақтау бағытындағы ұшақтан өрт шықты. Бұл туралы FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бүгін, 2025 жылғы 23 ақпанда, Астана–Ақтау бағытындағы FS 7375 рейсін орындау барысында әуе кемесінің жоғарғы жүк сөресінде жолаушының сөмкесінен өрт шықты. Өртті әуе компаниясының бортсеріктері жедел сөндірді. Бортта 182 жолаушы болды. Әуе кемесі ұшу пунктіне оралып, қону штаттық режимде жүзеге асырылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі, — делінген хабарламада.

Рейс Астана уақыты бойынша 17:10-ға ауыстырылды. Барлық жолаушыларға билеттерін тегін қайта брондау немесе ақшасын қайтару мүмкіндігі қолжетімді.

Exit mobile version