2025 жылғы 23 ақпан сағат 08:00 жағдай бойынша алты облыстағы 9 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мекемесінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ақмола облысы:
«Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы — Жақсы ауылы).
Ақтөбе облысы:
«Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 526-618 шақырым аралығы (БҚО шекарасы — Қобда ауылы);
«Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 618-702 шақырым аралығы (Қобда ауылы-Маржанбұлақ ауылы);
«Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 14-255 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы — Қарауылкелді ауылы);
«Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 255-337 шақырым аралығы (Қарауылкелді ауылы — Атырау облысының шекарасы).
Атырау облысы:
«Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 337-492 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Мақат ауылы);
«Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 492-508 шақырым аралығы (Мақат ауылы — Доссор ауылы);
«Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай –Ақтау теңіз порты» 3-120 шақырым аралығы (Доссор ауылы — Құлсары ауылы).
Батыс Қазақстан облысы:
«Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 273-394 шақырым аралығы (Барбастау ауылы-Жымпиты ауылы).
«Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы — Ақтөбе облысының шекарасы).
«Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Орал қаласы -РФ шекарасы);
Жетісу облысы:
«Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы — Достық стансасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
«Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 846-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Тахтаброт ауылының бұрылысы).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 161 техника мен 306 маман жұмылдырылды.