Басты бет Жаңалықтар 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

23 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК 23 ақпанға арналған қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, циклондар легі және олармен байланысқан фронтальды бөліктер ҚР аумағының басым бөлігіне өз әсерін тигізуді жалғастырады. Елімізде батысында қалың қар, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Елдің шығысында, оңтүстік-шығысында әлі де жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында төменгі құрлықпен, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі, — делінген хабарламада.

Exit mobile version