Басты бет Жаңалықтар Алматыда инвесторларға 100 миллион теңге салық негізсіз салынған

Алматыда инвесторларға 100 миллион теңге салық негізсіз салынған

Фото: Тengrinews.kz
Алматыда 31 инвесторға салық негізсіз салынған. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлап отыр.

Бұл инвесторлар 188,1 миллиард теңгенің жобасын іске асырып, 4,5 мың жұмыс орнын ашқан.

Оларға жер телімін пайдаланғаны үшін 103 миллион теңге салық негізсіз салынған. Мемлекеттік кіріс органдары салық кодексінің талаптарын және инвесторлардың индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен шарттарында көрсетілген талаптарды ескермеген, оларға сәйкес жер және мүлік салығының сомасы (оның ішінде жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер) 100 % азаяды, — дейді ведомство.

Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен инвесторларға негізсіз төлеген ақшасы қайтарылды.

Exit mobile version