Басты бет Жаңалықтар Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

Фото: "Мой город" басылымы
Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас зат құлады. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлап отыр.

Басылымның жазуынша, 18 ақпанда сағат 23.00-де Бөкей Орда ауданының Ұялы ауылында белгісіз ұшу аппараты табылғаны туралы ақпарат түскен. Алғаш болып затты жергілікті тұрғындар байқаған. Аппараттың ұзындығы 120 сантиметрге тең. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар қызметі жұмыс істеді.

Ұялы ауылының маңында ұшқышсыз ұшу аппаратының құлау фактісі бойынша полиция департаменті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, — делінген БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Exit mobile version