Алматы облысында ірі салық төлеушілердің тауарларына кедендік тексеріс дұрыс жүргізілмеген. Бұл туралы бас көлік прокуратурасы хабарлап отыр.
Ведомствоның мәліметінше, кеденде ірі салық төлеушілердің тауарлары негізсіз тексерілген.
Кеденде фураларды тексеретін рентген сынып қалған. Ондай жағдайда кеденшілер барлық тауарды түгел ашып тексеру керек. Алайда бұл ірі салық төлеушілерге қатысты емес. Өйткені ірі салық төлеушілердің тауарын тексерістен босату туралы заң бар, ол тек рентгенмен жүзеге асу керек, — делінген хабарламада.
Алайда Алматы көлік прокуратурасы ірі салық төлеушілердің атына келген тауарларды заңсыз тексерудің 37 фактісін анықтаған. Бұл бизнес үшін қосымша қаржылық шығындарға әкеледі. Қазіргі уақытта заңсыз тәжірибе тоқтатылып, жауапты мамандар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.