Басты бет Жаңалықтар Жеңістің 80 жылдығы: қорғаныс министрлігі ресми логотипті таныстырды

Жеңістің 80 жылдығы: қорғаныс министрлігі ресми логотипті таныстырды

Фото: Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ресми логотипті таныстырды.

Еске салайық, үкімет Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге арналған кешенді жоспар әзірледі. Жоспарда қаңтар айынан бастап желтоқсанға көптеген шара енгізілген.

Ең маңыздысы — 7 мамырда болатын әскери парад. Бұл шара үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – тарихи кезең, екіншісі – заманауи кезең, үшінші кезеңі – әуе шеруі.

Әскери парадта жаңа техника көрсетіледі.

Exit mobile version