Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 502—508 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 20 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 503,61 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,58 теңге. Еуро — 524,96.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 506,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 502 теңге. Еуро 523—530 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 508 теңге, сатып алу құны — 502 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 522 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,44—5,54 аралығында саудаланып жатыр.