Басты бет Жаңалықтар Алматыдағы аудандардың бірінде су өшіріледі

Алматыдағы аудандардың бірінде су өшіріледі

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматының Бостандық ауданында жаңа су желілерін пайдалануға беру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы «Алматы су» хабарлап отыр.

Ұйымның мәліметінше, 18 ақпанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су беруде шектеулер болады:

  • Розыбакиев көшесінің бойындағы – «Амир» ТК, «Эстет» ТК «4You» ТК
  • Тәжібаева көшесінің бойындағы – «Элемент» тұрғын үй кешені
  • Қожабаева 6, 17/1,21 көшесінің бойындағы «Браун» тұрғын үй кешені.

Қала секторларында суық сумен жабдықтауға уақытша шектеу қою жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Мәжбүрлі уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.

«Алматы су» МКҚК диспетчерлік қызметі: 274-66-66.

Exit mobile version