Басты бет Жаңалықтар Президент Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір айтты

Президент Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір айтты

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалінде Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір айтып, еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы ең басты құндылық екеніне назар аударды.

Біз «Бірлігіміз – әралуандықта» идеологиясын темірқазық етіп ұстанып отырмыз. Ұлтымыз бен наным-сеніміміз әртүрлі екеніне қарамастан, бір қоғамда тұтас халық болып өмір сүреміз. Мен баршаңызды осынау терең үдерісті толық түсінуге шақырамын. Сонда ғана табысқа жете аламыз. Қазір Украина жөнінде көп айтылып жатыр. Біз алғашқы кезден бастап осы соғысты міндетті түрде тоқтату керек, дипломатиялық келіссөздер арқылы бір мәмілеге келу қажет деп айттық. Бұл ұстанымымыз енді шындыққа айналды. Екі алпауыт ел саяси сұхбат жүргізе бастады. Бұл – жақсы үрдіс. Әрі Қазақстанға пайдасын тигізеді. Сондықтан біз мұны мейлінше қолдаймыз, – деді президент.

Exit mobile version