Басты бет Жаңалықтар Алматыда 46 жыл бұрын пайдалануға берілген мектеп жөндеуге жабылады

Алматыда 46 жыл бұрын пайдалануға берілген мектеп жөндеуге жабылады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматының Медеу ауданында 46 жыл бұрын салынған № 30 мектеп-гимназиясы ашылғаннан бері күрделі жөндеуден өтпеген.

Бұл туралы Алматының білім басқармасы хабарлап отыр.

Қазір реконструкциялау жұмыстарын бастау үшін барлық дайындық шарасы аяқталды, мердігер компания таңдалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың наурыз айында басталады. 2026-2027 оқу жылына дейін оқушыларға жағдай жасалады. Қазір мектепте 1 067 оқушы оқиды. Оқу қалыпты режимде, сабақтар уақытылы өтіп жатыр.

Медеу ауданының білім бөлімі мен Алматының білім басқармасы ата-аналармен кездесіп, мектепті жаңарту жобасы туралы толық ақпарат берді.

№30 мектеп-гимназиясының оқушылары Медеу ауданындағы басқа білім беру мекемелерінде оқиды.

№ 77 мектепте — 414, № 47— 326, № 56 мектепте — 210, М. Мәметова атындағы № 28 мектеп-лицейінде 117 оқушы оқиды. Бұған қоса, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажет шара қабылданды: қажет болған жағдайда оларды мектептерге автобустармен тасымалдау ұйымдастырылады, — делінген хабарламада.

№ 30 мектеп-гимназиясының жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін оқушылар заманауи әрі жайлы оқу жағдайында білім алады.

Exit mobile version