Басты бет Жаңалықтар Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Астанада 13 ақпанда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

13 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

13 ақпанда Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, облыстың орталығында, солтүстігінде тұман түседі.

13 ақпанда Ақмола облысында аздаған қар жауып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 23-28 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан асады.

13 ақпанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түсіп, көктайғақ болады.

13 ақпанда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

13 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі.

13 ақпанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттар тұман түседі.

13 ақпанда таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

13 ақпанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

13 ақпанда Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

13 ақпанда Қостанай облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

13 ақпанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында жолдарда көктайғақ болады.

13 ақпанда күндіз Павлодар облысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

13 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

13 ақпанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз облыстың таулы аудандарында қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

13 ақпанда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Exit mobile version