Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында шетел азаматы үйінде марихуана өсірген

Ақмола облысында шетел азаматы үйінде марихуана өсірген

Фото: ©depositphotos.com
Степногорск қаласында марихуана өсіретін фитолаборатория жойылды. 37 жастағы Ресей азаматы ұсталды.

Бұл туралы көлік полициясы департаменті хабарлап отыр.

«Жылыжай» орналасқан пәтерде бес бала тұрған. Тінту кезінде фитолампалар, желдеткіш және өсімдік өсіруге арналған басқа да жабдықтар тәркіленді.

Медициналық сараптама ұсталған азаматтың каннабиноидтарды қолданғанын растады. Ол Telegram арқылы тұқымға тапсырыс беріп, пошта арқылы алғанын, содан кейін үй жылыжайын құрғанын мойындады.

Құрамында өсіруге тыйым салынған есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Exit mobile version