Басты бет Жаңалықтар Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Астанада 12 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-18 м/с жетеді.

12 ақпанда күндіз Қарағанды облысының батысында, орталығында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

12 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

12 ақпанда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

12 ақпанда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

12 ақпанда түнде Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

12 ақпанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ болады, таулы аудандарында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

12 ақпанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады.

12 ақпанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, тұман түседі.

12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

12 ақпанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

12 ақпанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

12 ақпанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

12 ақпанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с болады.

12 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

12 ақпанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Exit mobile version