Басты бет Жаңалықтар Алматыда тағы 211 заңсыз сауда нысаны бұзылды

Алматыда тағы 211 заңсыз сауда нысаны бұзылды

Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда мемлекеттік қордың жерінде орналасқан рұқсатсыз салынған сауда орындары мен стационарлық емес сауда нысандарын бұзу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған комиссия шешімімен 211 заңсыз сауда орны (102 дүңгіршек және 109 күш өлшегіш) бұзылып, 270 кәсіпкерге ескерту хат берілді.

Айта кетейік, қызмет түріне қарамастан, барлық заңсыз сауда нысаны бұзылып жатыр. Әсіресе, көше тағамдарын сататын орындар ерекше назарға алынды.

Заңсыз дүңгіршектер көбінесе арықтардың үстіне қойылады, санитарлық норма сақталмаған, дәретхана жоқ. Олар мектептердің, балалар жүретін орындардың жанында орналасқан. Кейін тамақтан улануы мүмкін, — дейді қала тұрғыны Евгений Богачев. 

Exit mobile version