Басты бет Жаңалықтар Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған қырғыз әншісіне қылмыстық іс қозғалды

Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған қырғыз әншісіне қылмыстық іс қозғалды

Фото: instagram.com/kairat_primberdiev_official
Қайрат Примбердиев Кенесары хан туралы айтқан сөздерінен кейін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қырғыз Республикасының мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, әнші «нәсілдік, этникалық, ұлтаралық және діни араздық қоздыру»  бабы бойынша айыпталып жатыр. ҰҚКК мұндай қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік — 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар екендігі туралы ескертті.

Еске салайық, Қайрат Примбердиев Airan YouTube-арнасына берген сұхбатында ол Кенесары ханның басын алу оқиғасын қозғап, осы жағдай үшін қазақ халқынан өз атынан кешірім сұраған.

Осы сөздерден кейін Примбердиевтің айтуы бойынша, оның айтқан сөздеріне қатысты әлеуметтік желілерде түрлі пікір мен қарсылықтар пайда болған. Бірқатар қолданушы әншінің бұл тақырыпты көтергенін орынсыз деп есептеді.

Exit mobile version