Басты бет Жаңалықтар ҚТЖ Қытайға астық тасымалдауға тыйым салу мерзімін ұзартты

ҚТЖ Қытайға астық тасымалдауға тыйым салу мерзімін ұзартты

Фото: Қазақстан темір жолы
ҚТЖ ұлттық компаниясы Қытайға астық тасымалдау үшін жүкті қабылдауға тыйым салу мерзімін 20 ақпанға дейін ұзартты.

Бұл туралы ҚТЖ ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.

Бұған дейін тыйым қаңтар айында, содан кейін 1-10 ақпан аралығында енгізілген болатын.

2025 жылғы 11 ақпаннан 20 ақпанға дейін «Алтынкөл» МГСП арқылы ҚХР-ға бағытталған жабық вагондардағы бидай, майлы дақылдар, арпа, құрама жем, ұн, кебек және ұнтақталған өнімдерді (жүгері дәнінен басқа) тасымалдауға қабылдауға және қайта бағыттауға тыйым салынсын, — деп жазылған бұйрықта.

Құжатта 29 қаңтардағы бұйрыққа қосымша берілгені де айтылған. Кейінгі шектеулерге вагондардың уақытында түсірілмеуі мен Қытай темір жолының Алтынкөл темір жолы арқылы жүкті қабылдамауы себеп болғаны айтылды.

Бұйрықта жағдай қалыпқа түссе, бұл тыйымның алынып тасталатыны айтылған.

Exit mobile version