Басты бет Жаңалықтар Солтүстік Аралда су мөлшері көбейді

Солтүстік Аралда су мөлшері көбейді

Фото: Үкімет
Солтүстік Арал теңізіне 2024 жылғы қазаннан биылғы қаңтар айына дейін 1 миллиард текше метр су жіберілді. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлап отыр.

Бұл жоспарланған көлемнен 100 миллион текше метрге артық. Орталық Азия елдерімен қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға жіберілген судың жалпы көлемі 1,6 миллиард текше метрге жетеді.

Қазіргі уақытта Солтүстік Арал теңізіндегі судың жалпы көлемі – 22,1 миллиард текше метр. 2022 жылдың басында 18,9 миллиард текше метр болатын. 2025 жылдың соңына қарай теңіздегі су көлемі 23,4 миллиард текше метрге дейін жетеді.

Солтүстік Арал теңізінің ауданы да ұлғаюда. Бүгінгі таңда ол 3 065 шаршы шақырымға жетті. Бұл 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен 111 шаршы шақырымға көп.

Солтүстік Арал теңізінің ауданы мен көлемінің ұлғаюы судың минералдануың азайтуға және балықтың 22 түрінің популяциясын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға жетті.

Exit mobile version