2025 жылғы 10 ақпанда оқушылар арасында XIII қысқы Гимназиада басталады. Спорттық шараға еліміздің барлық өңірінен 12-18 жас аралығындағы 700-ге жуық оқушы қатысады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы хабарлап отыр.
Гимназиада сегіз спорт түрі — шаңғы жарысы, қысқы президенттік сайыс, биатлон, қысқы спорттық бағдарлау, шорт-трек, бенди (допты хоккей), шайбалы хоккей және мәнерлеп сырғанау бойынша өтеді. Жалпы 162 медаль мен 15 кубок сарапқа салынады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы жолдауында салауатты ұлтты тәриелеу туралы айтты. Бұл үшін елімізде бұқаралық және балалар спортын дамыту қажет. Гимназиада — жәй ғана жарыс емес, нағыз таланттарды анықтауға, балалар арасында спортты насихаттауға және спортшылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған дода, — деді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Арман Ташметов.
Қазақстан оқушыларының XIII қысқы гимназиадасы Батыс Қазақстан облысында, Орал және Ақсай қалаларында сәуір айына дейін жалғасады.