Басты бет Жаңалықтар Қаңтар оқиғасы кезінде кісі өлтірген әскери 7 жылға сотталды

Қаңтар оқиғасы кезінде кісі өлтірген әскери 7 жылға сотталды

Фото: Еlitar.kz
Алматы гарнизоны әскери сотында қаңтар оқиғасы кезінде кісі өлтірген әскери қызметкерге қатысты сот үкімі шықты.

Бұл туралы Алматы қалалық әскери сот хабарлап отыр.

Әскери қызметкерге қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы «Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қаруды қолдана отырып, билікті асыра пайдалану» бойынша іс қаралды.

Сотталушы билік өкілі бола отырып, өз құқықтары мен өкілеттерінен тыс әрекеттер жасады. Салдарынан ауыр зардаптар — екі жәбірленушінің өліміне алып келді, — деп жазды әскери сот.

Сотталушы кінәсін мойындамады.

Сот шешімімен сотталушы жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ол әскери атағынан да айырылды. Жәбірленушінің пайдасына 20 миллион теңге моральдық залал өндірілді, — делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Exit mobile version