Әлеуметтік желілерде танымал имам, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-та Ақ үйдің қайырымдылық таңғы асына қатысты.
Бұл туралы Нұрлан имам әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Қайырымдылық аста АҚШ-тың жаңадан тағайындалған президенті Дональд Трамп сөз сөйлеген.
Америка Құрама Штатының 45-ші және 47-ші президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық шарада сөз сөйледі. Президент: «Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл — елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп» деді. Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және тағы басқа мемлекет президенттері отырды. Түйгенім: Еліміздің әр азаматы аманатты сезініп, ісіне адал, жүрегі таза, Отанын шынайы сүйіп қызмет етсе, біздің де алға басар қадамдарымыз қарыштайтынына сенімім мол ағайындар…» — деді ол.