Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 514–520 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 7 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 515,31 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,30 теңге. Еуро – 533,96.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 515 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 517,5 теңге. Еуро 534–538 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 514 теңге, сатып алу құны – 520 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,24-5,32 аралығында саудаланып жатыр.