Басты бет Жаңалықтар Ақтөбе облысында газды вагондап ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбе облысында газды вагондап ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Фото: Polisia.kz
Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы кен орнының аумағынан «әлеуметтік» газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Күдіктілер газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары болып шықты.

Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін теміржол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан 12 вагон ұсталды, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, келтірілген шығынның сомасы анықталады.

Exit mobile version