Басты бет Жаңалықтар Полиция бір тәулікте үш есірткі зертханасын анықтады

Полиция бір тәулікте үш есірткі зертханасын анықтады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты бойынша жұмысты жалғастырып келеді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Осы қағида аясында ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері бір тәулік ішінде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш есірткі зертханасын жойды.

Күдіктілер ұсталды — екі ер адам мен бір әйел. Анықталғандай, олар алты ай бойы есірткі өсірумен айналысып, әрқайсысы 50 кг марихуана дайындаған. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Ұсталғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Тәртіп сақшылары бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Exit mobile version