Басты бет Жаңалықтар Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Фото: ТЖМ
Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың төрт учаскесі жабылды. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Жетісу облысында:

  • «Үшарал-Достық-ҚХР шекарасы» Көктұма ауылы-Достық станциясы;
  • «Алматы-Талдықорған-Өскемен Шемонаиха-РФ шекарасы» Үшарал қ. Абай облысының учаскесі жабылды.

Абай облысында:

  • «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» учаскесі Қайнар а., Баршатас а.
  • «Алматы-Талдықорған-Өскемен Шемонаиха-РФ шекарасы» Жетісу облысы-Таскескен а. жабылды.

Халықты ескерту мақсатында «Дәрмен» мобайл қолданбасы арқылы ауа райының нашарлауы туралы СМС-хабарламалар таратылды.

Exit mobile version