Басты бет Жаңалықтар Ақтаудағы ұшақ апаты: алдын ала есеп жақын күндері жарияланады

Ақтаудағы ұшақ апаты: алдын ала есеп жақын күндері жарияланады

Фото: Азамат Сәрсенбаев

Ақтау маңындағы ұшақ апаты туралы алдын ала есеп жақын күндері жарияланады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеп отыр.

Оның айтуынша, қазір мамандар тынбай еңбек етіп жатыр. Апатты тергеуге халықаралық сарапшылар, соның ішінде Әзербайжан, Ресей, Бразилия, ХААҰ сарапшылары тартылған.

Бәрі бірге жұмыс істеп жатыр. Жұмыс аяқталу сатысында. Жақын күндері біздің сайтымызда ресми түрде алдын ала есебі жарияланады деп күтіп отырмыз, — деді Марат Қарабаев үкімет отырысында.

Министр алдын ала есеп жарияланғанға дейін басқа ақпарат бере алмайтынын айтты.

Айта кетейік, Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтың қара жәшігін Бразилия талдап, нәтижесін Қазақстанға жіберген болатын.

Exit mobile version