Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында 8 су қоймасы мемлекетке қайтарылды

Алматы облысында 8 су қоймасы мемлекетке қайтарылды

Фото: Ақорда
Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы су ресурстарын басқару саласында мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.

Ведомство мәліметінше, қадағалау қызметі барысында сенімгерлікпен басқарушылар тарапынан бұзушылықтар анықталды.

Олар сегіз су қоймасының тиісті техникалық жай-күйін сақтау жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындамаған. Атап айтқанда, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеген. Бұл жағдайлар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға кері әсер етуі мүмкін.

Қабылданған шаралардың арқасында жауапсыз басқарушылармен сегіз шарт бұзылды. Ал құны 20 миллиард теңгеден асатын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазір прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар су объектілерін көп факторлы техникалық тексеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.

Exit mobile version