Басты бет Жаңалықтар Оралда 25 жыл бұрын екі адамды өлтірген күдіктілер ұсталды

Оралда 25 жыл бұрын екі адамды өлтірген күдіктілер ұсталды

Фото: Polisia.kz
Оралда 25 жыл бұрын болған адам өлтіру қылмысының беті ашылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

ІІМ мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында адам өліміне тапсырыс беруші мен оны орындаушы қолға түсті. Белгілі болғандай, қайғылы оқиға 2000 жылғы желтоқсанда болды. Онда екі тұрғын оқ жарақатынан қаза болған.

Қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған.

Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатысы барын растайтын қосымша айғақтар алынды. Қылмыстық іс «Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі» бабы бойынша жүргізіліп жатыр, — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Exit mobile version