Басты бет Жаңалықтар Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

Фото: ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың басынан бері заңсыз айналымнан қанша қару мен оқ-дәрі тәркіленгенін хабарлап отыр.

2025 жылдың басынан бастап ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде сегіз «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1 521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді. Көрсетілген қару-жарақтардың төртеуі қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғаны анықталды, — делінген хабарламада.

Осы деректері бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Exit mobile version