Басты бет Жаңалықтар Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүруі мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүруі мүмкін

Фото: Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде 1-4 ақпан аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар.

Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, қардың толассыз жаууына және желдің күшеюіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарға барынша сақ болуды, тауға шықпау керектігін ескертеміз. Егер қиындыққа тап болсаңыздар, шұғыл түрде «112» нөміріне хабарласыңыздар, – делінген хабарламада.

Құтқарушылар тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жол жағдайын «Дәрмен» мобайл қолданбасы арқылы тексеруді ұсынды.

Exit mobile version