Басты бет Жаңалықтар Қайтарылған актив: Ақтауда жедел медициналық станция салынады

Қайтарылған актив: Ақтауда жедел медициналық станция салынады

Фото: Vistanews.ru
Үкімет Ақтауда облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының құрылысын қаржыландыруға 4,6 млрд теңге бөлді.

Бүл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Президенттің тапсырмасын орындау аясында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру мақсатында Ақтауда жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсетуге қауқарлы облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы салынады.

Бұл мақсатқа үкімет арнаулы мемлекеттік қордан 4,6 млрд теңге бөлді. Нысанның құрылысы Ақтау қаласының 34А шағын ауданында орналасқан 2,6 гектар жер учаскесінде жоспарланған. Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының құрамына оқу-симуляциялық орталық, санитарлық көліктерге арналған жөндеу және жуу базасы енеді. Жобаның жалпы құны 4,8 млрд теңге деп бағаланған. Оның 100 млн теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген, – делінген хабарламада.

Exit mobile version