Басты бет Жаңалықтар Ұлытау мен Қостанай облыстарындағы жолдар ашылды

Ұлытау мен Қостанай облыстарындағы жолдар ашылды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Ұлытау мен Қостанай облысында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген тасжолдар ашылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.

2025 жылғы 30 қаңтарда сағат 07:00-де Ұлытау ауданында «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» тасжолының 37-252 шақырымында (Сәтбаев қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейін) көлік қозғалысы ашылды, — делінген хабарламада.

Қостанай облысында да көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашық.

2025 жылғы 30 қаңтарда сағат 07:00-де Қостанай қаласында «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 252-339 шақырымында (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін) учаскесінде көлік қозғалысы ашылды.

Exit mobile version