Басты бет Жаңалықтар Өзбекстан халқының саны 37,5 миллионнан асты

Өзбекстан халқының саны 37,5 миллионнан асты

Фото: Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі
Өзбекстан халқының саны 37,5 миллионнан асты. Бұл туралы Өзбекстан президенті жанындағы статистика агенттігі хабарлап отыр.

Халықтың 18,9 миллионы (50,4%) – ер адамдар, 18,6 миллионы (49,6%) – әйелдер. Халықтың жартысынан астамы 19,1 млн немесе 51% қалада тұрады. 18,4 млн адам немесе 49% ауылда тұрады.

Халық тығыз орналасқан облыстарға Ташкент, Әндіжан, Ферғана облыстары жатады. Ал халық тығыздығы Науаи облысы мен Қарақалпақстанда төмен. 2024 жылы елде 926,4 мың бала дүниеге келген.

Exit mobile version