Басты бет Жаңалықтар Бірнеше өңірдегі мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшті

Бірнеше өңірдегі мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшті

Арнұр Ашидинұлы. Фото жеке архивінен
Бүгін еліміздің бес облысында мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшірілді.

Семейде бүгін аяз бен қатты желдің салдарынан бірінші ауысымның 1-9 сынып оқушылары үйінде қалды. Облыста да мектептегі сабақтар тоқтатылды.

Павлодарда -30 гардус. Бірінші ауысымда 1-11-класс оқушыларының барлығы оқымайды. 

Қостанайда таңертең ауа температурасы -23 шамасында, жел соғады. 0-4-класс оқушылары қашықтан оқуға көшірілді. Аяз беті қайтпаған аудандарда да үлкен сынып оқушылары үшін де сабақтар тоқтатылды.

Өскеменде ауа температурасы -25 -33 градусқа дейін төмендеп, қатты жел тұрады, бірінші және екінші ауысымдағы 0-11-кластар қашықтан оқытуға көшті.

Қазақстанның бас қаласы Астанада бірінші ауысымдағы мектептер және колледждің бірінші және екінші курс студенттері үйден білім алып жатыр. Екінші ауысымдағы оқушылар үшін сабақтар тоқтатылуы мүмкін.

Exit mobile version