Басты бет Жаңалықтар Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522–527 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 24 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 522,42 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,28 теңге. Еуро — 543,89.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 525,5 теңге. Еуро 542—547 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 526 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17-5,25 аралығында саудаланып жатыр.

Exit mobile version