Басты бет Жаңалықтар Үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауы жарияланды

Үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауы жарияланды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауын жариялады.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Байқаудың мақсаты – азаматтық бастамаларды қолдау және азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге тарту, — делінген хабарламада.

Байқау аясында үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) екі әлеуметтік сала – «Жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау» және «Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» бойынша жобаларды ұсына алады.

Грант тоғыз басым бағытты қамтиды:

  • Құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті насихаттау.
  • Қаржылық сауаттылықты арттыру және жастар арасындағы несиеге тәуелдіктің алдын алу.
  • Қылмыстық жазасын өтеген жастарды оңалту және бейімдеу.
  • Лудоманияның (ойынға тәуелділік) алдын алу.
  • Нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес.
  • Жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу.
  • Отбасын қолдау орталықтарына арналған онлайн-психологиялық қызмет ұйымдастыру.
  • Медиа арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.
  • Отбасылық және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, балалар тәрбиесіне ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

Толық ақпарат пен құжаттаманы cisc.kz сайтынан қарауға болады.

Exit mobile version