Маңғыстау облысындағы Қаратұрын кен орнында алты айға созылған өрттің шығынын жер қойнауын пайдаланушы өтейді.
Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлап отыр.
Атап айтқанда «БузачиНефть» ЖШС мемлекетке 2,2 миллиард теңге төлеуге міндеттелді. Былтыр 17 желтоқсанда залалдың 270 миллион теңгесі мемлекет кірісіне түсті.
Бұдан басқа, бұған дейін экологиялық нормаларды бұзғаны үшін «БузачиНефть» ЖШС-не 362 миллион теңге айыппұл салынған, ол толық төленді, — деп жазылған ведомство хабарламасында.