Басты бет Жаңалықтар ҚБТУ ғимаратында өрт болды: ТЖМ мәлімдеме жасады

ҚБТУ ғимаратында өрт болды: ТЖМ мәлімдеме жасады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінде шыққан өрт сөндірілді.

ТЖМ мәліметінше, 120 шаршы метр алаңға жайылған өрт толығымен сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

Өртті оқшаулау кезінде әкімшілік ғимараттың төбесінен Қазақстанның Туы зақымдалмай төменге түсірілді, – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Exit mobile version