Басты бет Жаңалықтар Алматы әуежайында бірқатар рейс кешігіп жатыр

Алматы әуежайында бірқатар рейс кешігіп жатыр

Фото: kaztag.kz
Ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешігіп ұшады. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бағыттар бар.

2025 жылғы 8 қаңтарда қолайсыз ауа райы жағдайларына (қар жауу, тұман) байланысты кейбір ұшып кету рейстері кейінгі уақытқа ауыстырылды, — деп хабарлады әуежайдан.

Exit mobile version