Басты бет Жаңалықтар Ақтөбеде елдегі ең үлкен стадионның құрылысы басталады

Ақтөбеде елдегі ең үлкен стадионның құрылысы басталады

Фото: wikipedia.org
2025 жылы халықаралық стандарттарға сай көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы басталады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

35 мыңнан астам көрерменді сыйдыратын жаңа стадион спорттық және мәдени іс-шаралар өткізуге арналған маңызды орынға айналады, өңіріміздің спорттық әлеуетін арттырады, — делінген хабарламада.

Оның жобасымен осыдан бір ай бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге сапары барысында танысқан болатын.

Ол елдегі ең үлкен футбол алаңы болмақ.

Exit mobile version