Басты бет Жаңалықтар Мал іздеуге шыққан үш адам көлігімен Балқаш көліне түсіп кетті: бір адам...

Мал іздеуге шыққан үш адам көлігімен Балқаш көліне түсіп кетті: бір адам қаза болды

Иллюстрация: Pixabay.com
Қарағанды облысында көлікпен мал іздеуге шыққан үш адам мұз астына түсіп кетті. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

ТЖМ мәліметінше, қайғылы оқиға түнгі уақытта Ақтоғай ауданында Балқаш көлінде Гүлшат пен Тасарал ауылдарының арасында болған. Мал іздеу барысында үш ер адам көлікпен мұз астына түсіп кетті.

Екі адам өздігінен шығып, аман қалды. Үшінші азаматтың денесін құтқарушылар іздеп тапты. Бүгін таңертең су астынан 1988 жылы туған ер адамның денесі шығарылды, — делінген хабарламада.

Exit mobile version