Басты бет Жаңалықтар Үш облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Үш облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
«ҚазАвтоЖол» компаниясы үш облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеп отыр.

Жамбыл облысы

2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 22.30-да Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 2005-2214 шақырым аралығында (Алматы облысының шекарасынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған.

Қарағанды облысы

2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 22:30-да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1993-2005 шақырым аралығында (Сарышаған ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған.

Алматы облысы

2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 22:40-да Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 2214-2295 шақырым аралығында (Жамбыл облысы шекарасы-Каншенген ауылы) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылғы 31 желтоқсан сағат 03:00-де барлық жолды ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Exit mobile version