Басты бет Жаңалықтар Жаңа жылдың алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Синоптиктер алдағы үш күнге –31 желтоқсан мен 1,2 қаңтарға болжам жасады.

Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік өңірлері циклонның әсерінде болады.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауып, бұрқасындатады. 1-2 қаңтарда қатты жел соғады, батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), көктайғақ, — деп жазылған хабарламада.

31 желтоқсанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанып жатыр. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы: түнде батыста 5 градус аяз-5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз -10 градус жылы болады.

Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус аязға дейін, күндіз 7 градус аяз -2 градус жылы, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус аязға дейін жоғарылайды, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгеріс күтілмейді.

Exit mobile version