Басты бет Push Әзербайжан азаматтарының денесі еліне жөнелтілді

Әзербайжан азаматтарының денесі еліне жөнелтілді

Фото: Азамат Сәрсенбаев
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болған Әзербайжан азаматтарының денесі еліне жөнелтілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігі хабарлады.

Кейінгі күндері қаза тапқандардың денесін анықтау бойынша тынымсыз жұмыс жүргізілді. ДНҚ талдауына жақын туыстары қатысты, – делінген хабарламада.

Ақтау әуежайынан 24 Әзербайжан азаматының денесі жіберілген. Оның ішінде үш экипаж мүшесі бар.

Exit mobile version