Басты бет Push Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы «Ақорда» хабарлады.

Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына сабыр тіледі, – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия жұмысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан тарапы ұшақ апатын жан-жақты және объективті түрде зерттеуге бар күш-жігерін салатынын жеткізген.

Exit mobile version