Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау түбіндегі ұшақ апатынан аман қалған тоғыз азаматын арнайы бортпен еліне алып кетті.
Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, тоғыз адам әртүрлі жарақат алған. Олардың бәрін әуежайға жедел жәрдем көлігі жеткізген. Жаралы адамдарды шығарып салуға Ақтау қаласының әкімі, қала ақсақалдары мен жастары келген көрінеді.
Тоғыз адамның біреуі – бала. Оларды Ил-76 ұшағы алып барады.
Еске салайық, Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтауда құлады.
Баку-Грозный бағытындағы ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Ұшақ бортында 69 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі.
Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді.
Жолаушылардың толық тізімі жарияланды. Ұшақ бортында Қазақстанның алты азаматы болған.
Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мемлекеттік комиссия құрылды.
Әуе апатынан қаза болған отандастарымыздың аты-жөні жарияланды.