Басты бет Жаңалықтар 271 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды

271 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды

Фото: Inform.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жиын барысында 271 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды. Стипендия иегерлерінің 136-сы – магистратура, сегізі докторантурада оқиды. Сонымен қатра 127 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Комиссия мүшелері басымдық беріліп отырған мамандықтарға ерекше назар аударды. Демек, стипендия иегерлерінің 65%-і – жаратылыстану-техникалық, ал 35%-і әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша білімін жетілдіреді.

Сонымен қатар 170 азамат шетелдің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия алды.

Ерлан Қарин биыл былтырға қарағанда тағылымдамадан өтуге екі есе, инженерлік-техникалық мамандықтар бағытына алты есе көп өтініш түскенін атап өтті. Бұл мемлекет басшысының инженерлік-техникалық білім беруді дамытуға және қолдауға бағытталған бастамасының өзекті әрі заман талабына сай екенін көрсетеді.

Exit mobile version