Басты бет Push Bek Air ұшағының апаты: әуе компаниясы қызметкері тергеуді қайта бастауды сұрап отыр

Bek Air ұшағының апаты: әуе компаниясы қызметкері тергеуді қайта бастауды сұрап отыр

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Bek Air қызметкері ұшақ апатына қатысты тергеуді қайта бастауды сұрап отыр. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеп отыр.

Тергеу аяқталған, бірақ әуе компаниясы қызметкерлерінің бірі осындай өтініші айтты. Бұл бойынша, тергеуді қайта бастау мәселесі процессуалдық түрде қаралып жатыр, — деді министр мәжіліс кулуарында.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 27 желтоқсан күні таңертең Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшағы әуелі радардан жоғалып кеткен. Лайнер Алматы әуежайының маңында құлады. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 13 адам қаза тапты.

Exit mobile version