Басты бет Жаңалықтар Жетісуда шетел азаматтары ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды

Жетісуда шетел азаматтары ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды

Полиция, прокуратура мен ұлттық қауіпсізік комитетінің облыстық департаменті өкілдерімен бірлесіп, Ескелді ауданында синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананы жойды.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Екі шетел азаматы заңсыз өндіріс ұйымдастыру үшін Қазақстанға келген. Тінту барысында есірткі дайындайтын жабдықтар, 6,4 келіден астам мефедрон және әрі қарайғы өндіріс үшін прекурсорлардың қалдықтары бар 200 литрлік реактор табылды.

Шетел азаматтары мен олардың астаналық сыбайласы қамауға алынды. Қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау шаралары жалғасып жатыр.

Exit mobile version