Басты бетPushАлматыда жол...

Алматыда жол жауып, намаз оқыған 30 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Полиция Алматыдағы Орталық мешіт маңында жолда намаз оқығандардың оқиғасын тексерді. Бұл туралы Алматының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жол жапқандарға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 614-бабы «Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру» бойынша жауапқа тартылды.

Құқық бұзғандарға шара қолданылды: 30-дан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген полиция таратқан хабарламада.

Алматы қалалық полиция Департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын еске салып, азаматтарды Қазақстан Республикасын заңнамасын мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейткен.